
Қостанай облысында прокуратураның бастамасымен және уәкілетті органдармен бірлесіп «Денсаулық - жастардың көзімен: біз нашақорлыққа қарсымыз» атты ауқымды көрме өткізілді, оған 2095 оқушы мен жасөспірім қатысты. Бұл іс шара жастарды денсаулық, құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік мәселелеріне тартудың маңызды алаңына айналды.
Іс шараның мақсаты - жастар арасында құқықтық сананы қалыптастыру, нашақорлық құқықбұзушылықтарының алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және заңға, қоғамдық тәртіпке құрметті тәрбиелеу.
Көрме барысында қатысушылар өздерінің нашақорлыққа қарсы пікірлері мен ұстанымдарын сурет және шығармашылық жұмыстар арқылы білдіру мүмкіндігіне ие болды. Бұл жұмыстар тыйым салынған заттарды тұтынуға теріс көзқарасты айқын көрсетті.
Сонымен қатар, 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен ересектер арасында (жарысқа қатысқан жалпы саны - 240 адам) салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған флешмоб пен жүгіру жарысы өткізілді. Сондай ақ, нашақорлықтың зияны туралы фильм көрсетілді.
Денсаулық сақтау саласының мамандары мен психологтар нашақорлықтың зияны, тәуелділіктің салдары, физикалық және психикалық денсаулықты сақтау маңыздығы және теріс әсер мен стрессқа қарсы тұру жолдары туралы дәрістер мен кеңестер өткізді. Бұл сөздер қатысушыларға жастардың алдында тұрған қауіптілікті жақсырақ түсінуге және нашақорлықсыз өмірді таңдауға дайын болуға ықпал етті.
Көрме қорытындысы бойынша барлық белсенді қатысушыларға белсенді азаматтық ұстаным, шығармашылық және алдын алу іс шараларына қатысқаны үшін алғыс хаттар, медальдар мен грамоталар, сондай-ақ нашақорлықтың зияны және оны тұтынғаны үшін жауапкершілік туралы естелік материалдар табысталды.
Іс шара салауатты өмір салтын таңдау мен заң талаптарын сақтау қоғамдық тәртіпті нығайтуға, жасөспірімдерді қауіпсіз әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға атсалысуға белсенді қатысуға ықпал ететіндігін көрсетті.
«Денсаулық - жастардың көзімен: біз нашақорлыққа қарсымыз» көрмесі көрсеткендей: профилактика, шығармашылық, спорт, фильмдер көрсету, ағарту және психологтардың қолдауы - жастар арасында заңға бағыну мәдениетін қалыптастырудың тиімді құралдары болып табылады.
Қостанай облысы прокуратурасы