
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2026 жылғы 1 сәуірдегі бұйрығымен әділет кеңесшісі Тұрысбеков Нұржан Дүйсембайұлы Арқалық қаласының прокуроры болып тағайындалды.
Тұрысбеков Н.Т., 1985 жылы туған, Жетісу облысы Талдықорған қаласының тумасы. Еңбек жолын прокуратура органдарында 2009 жылы Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Прокуратура органдарында, оның ішінде басшылық қызметтерде кезең-кезеңімен еңбек еткен: Астана қаласы Есіл ауданы прокуратурасында мемлекеттік айыптаушылар бөлімінің бастығы (2019–2020 жылдары), қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы (2020–2021 жылдары), Астана қаласы Алматы ауданы прокурорының орынбасары (2021–2022 жылдары), Астана қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасы бастығының орынбасары (2022–2023 жылдары).
Осы тағайындауға дейін Астана қаласы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру және қылмыстық қудалау заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі – 16 жыл.
Қостанай облысның прокуратурасы