Облыс прокуроры Марат Сексембаевтың төрағалығымен облыста заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың тиімділігі, сондай-ақ бизнес субъектілері мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.
Кеңес жұмысына құқық қорғау және арнайы органдардың, облыс әкімдігінің, мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.
Отырысты аша отырып, облыс прокуроры 2025 жылы заңсыз айналымнан 411 кг-нан астам есірткі құралдары мен прекурсорлар тәркіленгенін, ал 2026 жылдың басынан бері 224 кг тәркіленгенін атап өтті.
Көрсетілген кезеңде есірткі қылмыстары үшін 214 адам сотталды. 17 мыңнан астам шетелдік банктік шоттар бұғатталды, соттың шешімімен 194 млн теңге сомасына тыйым салынды. Шекаралық өткізу пункттерінде есірткі құралдарын әкелудің 67 фактісінің жолы кесілді.
Жыл басынан бері есірткі тарататын 120 интернет-ресурс бұғатталды, «граффити» түріндегі олардың жарнамасының шамамен 100 фактісі жойылды.
Сонымен қатар, отырыста есірткі өткізу арнасын, қылмыстық кірістерді анықтау және есірткі тұтынудың әсіресе жастар арасында оның алдын алуы бойынша, жедел бөлімшелер мен тергеудегі кемшіліктер тікелей көрсетілді.
Марат Сексембаев «Есірткіге қарсы іс-қимыл кешенді тәсілді талап етеді. Тек барлық құрылымдардың, әкімдіктің және уәкілетті мекемелердің белсенділігі мен күш-жігерін біріктіру арқылы ғана нәтижеге қол жеткізуге болады» деп атап өтті.
Отырыста Бас прокуратура жанындағы ҚСжАЕК Таргетинг орталығының мүмкіндіктері және өңірдегі есірткі жағдайына мониторинг жүргізу нәтижелері таныстырылды.
Отырыстың жеке блогы инвесторлар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға, сондай-ақ оларды негізсіз қылмыстық қудалауға жол бермеуге арналды.
Облыс прокуроры мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басым міндеті заңдылықты қамтамасыз ету, бизнесті қорғау және өңірде қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру екенін атап өтті.
Негізгі міндет ретінде әрбір инвестициялық жобаны қолдау және «прокурорлық сүзгі» деп аталатын - инвесторлардың қызметіне қатысты бақылаушы мемлекеттік органдардың шешімдерін қосымша құқықтық бағалау тетігін енгізу белгіленді.
Қостанай облысының прокуратурасы