«Заң мен тәртіп» идеологиясын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы жүзеге асыру

 «Заң мен тәртіп» идеологиясын халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу арқылы жүзеге асыру

Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде «Жұмыспен қамту осы жерде және дәл қазір» атты облыстық акция – бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара 2026 жылға арналған Қостанай облысының «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі өңірлік жобалық офисінің жоспары аясында өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты – пробация қызметі мен полиция органдарында есепте тұрған тұлғаларды, сондай-ақ алименттік міндеттемелер бойынша берешегі бар азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу болды.

Акция қайталама қылмыстылықтың алдын алуға және азаматтардың заңға бағынатын мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан есепте тұрған тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және олардың әлеуметтік бейімделуі маңызды профилактикалық шаралар болып табылады, олардың жүзеге асырылу барысына прокуратура қадағалау жүргізетін болады.

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне уәкілетті мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, білім беру мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ түрлі қызмет салаларынан 8 жұмыс беруші қатысты.

Іс-шара барысында 23 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, кеңес беру және ақпараттық қызметтер алды, олардың 5-і әңгімелесуден өтуге жолданды.

Іс-шара барысында қатысушыларға еңбек жағдайлары, кандидаттарға қойылатын талаптар және жалақы деңгейі көрсетілген өзекті бос жұмыс орындарының тізімдері ұсынылды.

Сонымен қатар, ресми жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіптік оқудан өту, қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы ақпарат берілді. Қатысушылар өңірде жүзеге асырылып жатқан жалпы білім беру және кәсіби бағдарламалар туралы мәліметтер алып, сондай-ақ жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау және құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша мамандардың кеңестерін алды.

Қостанай облысының прокуратурасы