Қостанай облысының прокуратурасы инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетін үйлестіру кезінде балық шаруашылығы саласында жобаны іске асыратын кәсіпкердің құқықтарын қорғады.
Мониторинг барысында ауданның мемлекеттік кірістер басқармасы прокурормен қабылданатын шешімдерді келісу туралы талаптарды елемегені анықталды.
Осылайша, инвестор екі рет әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Аудан прокуроры сотқа заңсыз актілерге наразылық енгізді.
Сот талаптарды толығымен қанағаттандырды: істер құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, инвестордың құқықтары қалпына келтірілді.
Прокурорлық сүзгі шеңберінде мемлекеттік органдардың инвесторды тексеруге, оның қызметін тоқтата тұруға, әкімшілік жауаптылыққа тартуға, талап қоюлар беруге, лицензияларды кері қайтарып алуға және прокурордың келісімінсіз өзге де шектеулер қоюға құқығы жоқ екенін атап өтеміз.
Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасуда.
Қостанай облысының прокуратурасы