Қостанай облысында «Құқықтық алаң» атты әлеуметтік маңызы бар акция өтті

Қостанай облысында «Құқықтық алаң» атты әлеуметтік маңызы бар акция өтті

Бүгін «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында облыс прокуратурасының бастамасымен «Құқықтық алаң» атты бірыңғай облыстық әлеуметтік маңызы бар акция өткізілді.

Аталған акция Наурыз мерекесі қарсаңында ұйымдастырылды.

Іс-шара облыстың барлық қалалары мен аудандарында бір мезгілде басталып, өңір тұрғындарының кеңінен қатысуына мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде азаматтарға облыс орталығына бармай-ақ құқықтық көмек алуға, кеңес сұрап, туындаған мәселелерін шешуге тең мүмкіндік жасады.

Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын қолжетімді кеңестер арқылы арттыру, азаматтар мен уәкілетті органдар арасында тиімді диалог алаңын құру, заңгерлік көмек көрсету және проблемалық мәселелерді шешу.

Облыс бойынша іс-шараға 114 мемлекеттік орган өкілі қатысты.

Кеңес алу үшін 420-дан астам өңір тұрғыны жүгінді.

Акция аясында әрбір азамат бір жерде жиналған уәкілетті органдар өкілдеріне жүгініп, өз мәселелерін айтып, құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыру бойынша түсіндірме алды.

Қостанай облысының прокуратурасы