Қарасу ауданының үш елді мекенінде тұрғындар орталық сумен жабдықтауға қол жеткізді

Қарасу ауданының үш елді мекенінде тұрғындар орталық сумен жабдықтауға қол жеткізді

Қарасу ауданының Қарасу, Восток және Павловское ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен іске асырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды.

Жобаны іске асыру тұрғындарды сапалы ауыз суға тұрақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жобалар шеңберінде 89 шақырым су құбыры желілері салынды, бұл бес мыңнан астам адамды таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, атап айтқанда Қарасу ауылының 3 572 тұрғыны, Восток ауылының 1 274 тұрғыны, Павловское ауылының 384 тұрғыны.

Құрылған инфрақұрылым сенімділік пен қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкес келеді, бұл коммуналдық қызмет көрсету деңгейін және халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттырады.

2025 жылы Қостанай облысында қайтарылған активтерді қаржыландыру есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында барлығы 16 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы тағы 9 денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу және жаңғырту жоспарланған.

Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.

Қостанай облысының прокуратурасы