Тобыл қаласында және Қостанай ауданының Заречное және Лиманное ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған қаражат есебінен іске асырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды.
Жобаны іске асыру тұрғындарды сапалы ауыз суға тұрақты қолжетімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 157 км құрайды және шамамен 4 мың адамды, атап айтқанда Тобыл қаласының 2 050 тұрғының, Заречный ауылының 1 800 тұрғының және Лиманое ауылының 420 тұрғының таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,.
Құрылған инфрақұрылым сенімділік пен қауіпсіздіктің заманауи талаптарына сәйкес келеді, бұл коммуналдық қызмет көрсету деңгейін және халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттырады.
2025 жылы Қостанай облысында қайтарылған активтерді қаржыландыру есебінен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында барлығы 16 жоба іске асырылды. Ағымдағы жылы тағы 9 денсаулық сақтау және білім беру нысандарын салу және жаңғырту жоспарланған.
Қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылатын әлеуметтік жобаларды іске асыру барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.
Қостанай облысының прокуратурасы