2ГИС навигациялық қызметтерінде прокуратура қауіпті жол учаскелері картаға түсіруді бастады

2ГИС навигациялық қызметтерінде прокуратура қауіпті жол учаскелері картаға түсіруді бастады

Қостанай облысының прокуратурасы Қостанай облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің Департаментімен бірлесіп, "ДубльГИС" ҚБ компаниясының қолдауымен 2ГИС навигациялық жүйесінде жолдардың авариялық-қауіпті учаскелері туралы ақпаратты орналастыру жобасы іске асырылуда.

Бірінші кезеңде 2ГИС жүйесінде Қостанай қаласындағы бес авариялық-қауіпті учаске туралы ақпарат орналастырылды. Жобаның тиімділігін растау кезінде облыстың бүкіл аумағына, ал перспективада республиканың басқа өңірлеріне масштабтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, жыл басынан бері мұндай учаскелер Яндекс сервисінде көрсетіледі, қазіргі уақытта жүргізушілер сегіз учаскеде ескерту алады: үшеуі-Қостанай қаласында, екеуі - Рудный қаласында, үшеуі Әулиекөл және Қостанай аудандарының автожолдарында.

Енді навигациялық сервистерді пайдалану кезінде жүргізушілерге жолдың ықтимал қауіпті сегменттері туралы алдын ала хабарланады, бұл жол қозғалысы қауіпсіздігінің деңгейін арттырады.

Жалпы, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша уәкілетті органдармен бірлесіп қабылданатын шаралардың нәтижесінде өңірде жол-көлік оқиғалары санының азаюы тіркеледі: 2026 жылдың өткен кезеңінде облыс бойынша 13% - ға, Қостанай қаласы бойынша -14,6% - ға.

 

                                                Қостанай облысының прокуратурасы