Субсидиялаудың заңдылығын сақтау мәселелері бойынша

Субсидиялаудың заңдылығын сақтау мәселелері бойынша

Қостанай облысы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының жүргізген тексеру нәтижесінде негізсіз субсидиялау фактілері анықталды – барлық балық өсіру шаруашылығына заңда көзделмеген шығыстар өтелді.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша облыс әкімдігін 66 млн теңге негізсіз субсидияларды өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінуге міндеттеді.

2026 жылғы 28 қаңтарда Қостанай облыстық сотының сот алқасы талап-арызды қанағаттандырды, сот актісі заңды күшіне енді.

 

Қостанай облысының прокуратурасы