Салық заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау мақсатында облыс прокуратурасы салық салу саласындағы заңдылықтың жай-күйіне тұрақты негізде талдау жүргізеді.
2025 жылы қабылданған прокурорлық ден қою шараларының нәтижелері бойынша бюджетке 616 млн теңге түсті.
Мысалы, салық төлеушілердің бірі декларацияларда анық емес мәліметтерді көрсетті, бұл бюджетке 267,9 млн теңге көлемінде салықтардың түспеуіне әкелді.
Анықталған бұзушылық бойынша прокуратура уәкілетті органға қадағалау актісін енгізді, қарау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген сома толығымен төленді.
Салық салу саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Қостанай облысының прокуратурасы