Қостанай облысының прокуратурасы құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде жекелеген құрылыс компанияларының біліктілік талаптарына сәйкес келмеу фактілерін анықтады.
Тексеру арқылы меншік немесе жалдау құқығында өндірістік базаларсыз, сондай-ақ бірыңғай біліктілік талаптарында көзделген аттестатталған инженерлік-техникалық қызметкерлерсіз қызметті жүзеге асыратын 200-ден астам лицензиат анықталды.
Қабылданған шаралармен 194 лицензиатқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы бойынша хаттамалар толтырылып, істерді қарау нәтижелері бойынша 57 млн теңге сомасына айыппұл салумен 174 компания жауапкершілікке тартылды, 174 лицензияның қолданылуы уақытша тоқтатылды және 6 лицензияның қолданылуы тоқтатылды.
Бұзушылықтарды жою және лицензиаттардың қызметін сәйкестендіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Қостанай облысының прокуратурсы