Облыстың прокуратура органдары мемлекеттің экономикалық мүдделерін дәйекті қорғауды жүзеге асырады.
2025 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша мемлекет кірісіне 9 млрд теңгеден астам өтелді.
Дәстүрлі түрде бағаны көтеру, негізсіз жоспарлау және бюджет қаражатын жұмсау тәуекелдеріне ұшыраған мемлекеттік сатып алу саласы мұқият бақылауда.
Мемлекеттік сатып алу саласында қабылданған шаралардың нәтижесінде шамамен 1 млрд теңге өндірілді.
Мысалы, қадағалау актісі бойынша тұрғын үй құрылысына арналған шарттар бұзылған жосықсыз мердігерден 300 млн теңгеден астам аванстық төлемдер өндірілді.
Мемлекеттік сатып алу қорытындыларының күшін жою жолымен 6 млрд теңгеден астам сомаға бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Ағымдағы жылы мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.
Қостанай облысының прокуратурасы