Рудный қаласының прокуратурасы мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғады

Рудный қаласының прокуратурасы мемлекеттің материалдық мүдделерін қорғады

Мемлекет мүдделерін қорғау және қалпына келтіру прокуратура органдарының басым міндеттерінің бірі болып табылады.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы талдау барысында конкурсты өткізу кезінде өнім беруші дұрыс емес ақпарат бергені анықталды.

Осыған қарамастан, бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып, оған 661 млн теңге төленді.

Бұдан басқа, өнім беруші шарттық міндеттемелерді белгіленген мерзімде орындамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жоғарыда көрсетілген сома бюджетке қайтарылды.

Жергілікті атқарушы орган сотқа өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арыз берді.

Қостанай облысының прокуратурасы