Қостанай облысында кирберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтілді

Қостанай облысында кирберқылмысқа қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтілді

Қостанай облысының прокуратурасында облыс прокуроры Марат Сексембаевтың төрағалығымен облыс полиция департаменті басшылығының, банк секторының өкілдерінің, ұялы байланыс және жылжымайтын мүлік нарығының операторларының қатысуымен өзара іс-қимыл және киберқылмысқа қарсы іс-қимылдың тиімділігі мәселелері бойынша ведомствоаралық жедел кеңес өткізілді.

Кеңесті аша отырып, Марат Сексембаев өңір тұрғындарының интернет желісіндегі қылмыстар алдындағы осалдығы, цифрлық қауіптердің жоғары динамикасы, интернет-алаяқтықтардың ашылу жағдайы, сондай-ақ құқық қорғау және өзге де мүдделі органдардың бірлескен жұмысы туралы хабардар етті .

2025 жылы өңірдегі интернет-алаяқтықтардың саны 31,6% - ға артып, залал 4,3 млрд теңгені құрады.

2026 жылғы қаңтарда мұндай қылмыстардың саны 25,4% - ға қысқарды, ал алаяқтық құрбандарына келтірілген залал 256 млн теңгені құрады.

Облыс прокуроры банк секторы мен жылжымайтын мүлік нарығының жекелеген қызметкерлерінің қосқан үлесін атап өтіп, оларға белсенді азаматтық ұстанымы және жалпы сомасы 15 млн теңгеге алаяқтықтың алдын алу бойынша қабылданған шаралар үшін алғыс хаттар табыс етті.

"Еуразиялық банк" АҚ Қостанай филиалының директоры Қырмызы Жанбыршина өңірде Банк дайындаған алаяқтарға қарсы роликтерді таратуын ұсынды, сондай-ақ киберқауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Дәулет Топин "Қазақстан Халық Банкі" АҚ Қостанай облыстық филиалының басшысы банк клиенттері арасында несие ресімдеу және ақша қаражатын аудару кезінде алаяқтардың оларға ықтимал әсері туралы сауалнама жүргізу тәжірибесін енгізу туралы прокуратураның бастамасын қолдады.

Жиынды қорытындылай келе, облыс прокуроры бірлескен күш-жігерді біріктіріп, киберқылмыс деңгейін төмендету бойынша алдын ала жұмыс ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.                           

                                                         Қостанай облысының прокуратурасы