Қостанай облысында «Жас қолдаушы» жастар форумы өтті

Қостанай облысында «Жас қолдаушы» жастар форумы өтті

Қостанай облысында «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында «Жас қолдаушы» жастар форумы өтті. Форумға облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарынан шамамен 1000 студент қатысты.

Форум облыс әкімдігі және А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қолдауымен Қостанай облысының прокуратурасымен ұйымдастырылды.

Форумды Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов ашып: «Мемлекет қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті өзінің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырады, ал елдің жандануы жастардың жауапкершілігіне, ұйымдастырушылық қабілетіне және қоғамдық өмірге белсенді қатысуына байланысты» екенін атап өтті.

Форум жұмысына Қазақстандық «Патруль» сериалынан актерлері Медет Аманбаев пен Еділ Анарбай қатысты. Олар жастарға саналы таңдау жасаудың, жеке жауапкершіліктің және заңды сақтаудың маңыздылығын жеткізді, өздерінің өмірлік және кәсіби тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ жастарды өзін-өзі дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымға ұмтылуға шақырды.

Жеке қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы мемлекеттің рөлін жалғастыра отырып, Қостанай облысының прокуроры Марат Сексембаев: «Заң мен тәртіп - бұл ережелерге сәйкес өмір сүруді саналы таңдау, өз әрекеттерінің салдарын түсіну және жауапкершілік. Бұл сондай-ақ мемлекеттің адамды дұрыс жолға бағыттап, өмірін өзгерте алатын қателіктерден сақтауға дайындығы», - деп атап өтті.

Форумның басты жаңалығы – тәуекелді топқа жататын жастарға қолдау көрсетуге бағытталған өңірлік «Тәлімгерлер клубының» ашылуы болды. Жоба прокуратураның бастамасымен және үйлестіруімен жүзеге асырылып, профилактика саласындағы барлық субъектілерді біріктіреді.

Облыс прокуроры «Тәлімгер - бұл тек үйрететін немесе бақылаумен айналысатын адам емес. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, өз-өзіне сенуге көмектесетін, қолдайтын және кеңес беретін адам» екенін атап өтті.

«Тәлімгерлер клубы» жастарды қолдаудың бейресми, нақты және ерікті жүйесін білдіреді. Пилоттық жобаға облыс орталығындағы 10 колледж және 2 мектеп қатысады. Клубтың концепциясына бос уақытты ұйымдастыру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар, сондай-ақ тәлімгер-құқық қорғау органдары қызметкерлері, педагогтар, психологтар, жаттықтырушылар және қоғамдық өкілдермен тұрақты кездесулер өткізу кіреді.

Сонымен бірге, «Тәлімгерлер клубы» білім беру ұйымдарының, психологиялық қызметтердің немесе құқық қорғау органдарының функцияларын алмастырылмайтыны, есепке алу немесе бақылау жүргізбейтіні, тек диалог алаңы, соның ішінде алдын алу және түсіндіру жұмыстары үшін қызмет ететіні ерекше атап өтілді.

Жобаның пилоттық алаңы ретінде қажетті кадрлық, ұйымдастырушылық және әдістемелік әлеуетке ие А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті анықталды. Алдағы уақытта жобаны облыс бойынша тарату жоспарлануда.

Форум - бұл бағыттағы жұмыстың бастауы болып, одан әрі «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында жастарды қолдауға, заңға бағынатын өмірлік ұстаным қалыптастыруға және олардың белсенді азаматтық позициясын дамытуға бағытталған бірқатар қосымша іс-шаралар жоспарлануда.

Қостанай облысының прокуратурасы