
2026 жылғы 27 қаңтарда Қостанай облысында «осы жерде және дәл қазір жұмысқа орналастыру» деген маңызды әрі өзекті ұранмен «ЖұмысLive» облыстық акциясы өткізілді.
Іс-шараға 130-дан астам мемлекеттік орган өкілдері, 100-ден астам жұмыс беруші кәсіпорын, 22 оқу орталығы және 20-дан астам үкіметтік емес ұйым қатысты. Акция аясында 900-ден астам есепте тұрған тұлға қамтылды.
Қала және аудан прокурорлары акцияны облыстың қадағалаудағы аумақтарында өткізді, бұл азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік қызметтерге тең қол жеткізуін қамтамасыз етті.
Акция мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру, сондай-ақ қайталама және рецидивтік қылмыстардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды.
Іс-шара жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатымен қатар құқық бұзушылықтардың жүйелі профилактикасын, тұрақты заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруды, сондай-ақ адамның әлеуметтік бейімделуі мен құқықтық алаңға қайта оралуына жағдай жасауды көздейтін «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында іске асырылды.
Акцияның ерекшелігі – телемостарды пайдалану арқылы онлайн форматта өткізілуі болып табылады, бұл мекемелер, мемлекеттік органдар мен сотталғандар арасында тікелей өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жұмыспен қамту қылмыстың алдын алудың негізгі факторларының бірі екендігін атап өткен жөн, себебі тұрақты жұмыстың болуы әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етіп, өзіне деген сенімділікті арттырады және рецидивтік қылмыстардың жасалу қаупін төмендетеді.
«ЖұмысLive» акциясы бір реттік іс-шара емес, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік органдардың, бизнестің, әлеуметтік қызметтердің және жалпы қоғамның күш-жігерін біріктіретін жүйелі өзара іс-қимылдың тұрақты алаңы болып табылады.
Қостанай облысының прокуратурасы