Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау туралы

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау туралы

Прокуратура органдарына инвестициялық жобаларды қолдау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау міндеттері жүктелген .  

2025 жылы Қостанай облысының прокуратура органдары 2 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қорғап, 35 инвестициялық жоба бойынша мәселелерді шешті.

Прокуратураға инвесторларға қатысты келісу үшін 139 материал келіп түсті, оның ішінде 13 тексеру, 3 әкімшілік іс бойынша, 2 талап арыз бойынша келісуден бас тартылды .

Құқық бұзушылықтарды болдырмау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту бойынша да шаралар қабылдануда.

2025 жылы кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін 2 лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа,  22 тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Мәселен, прокуратураның келісімінсіз инвесторларға заңсыз тексеру жүргізуге әрекеттенгені үшін Еңбек басқармасының басшысы жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, биылғы жылдың өзінде Б.Майлин ауданындағы ауылдық округінің әкіміне кәсіпкерге жер телімін беруден заңсыз бас тарту фактісі бойынша 50 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Прокуратураға жүктелген міндеттерді ескере отырып, инвестициялық жобаларды қолдау және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстары жалғасады.

Сондай-ақ, инвестициялық жобаларды іске асыруда мәселелер туындаған және кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілері орын алған жағдайда, прокуратура қызметкерімен байланысып, прокуратураның кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі Call-орталығы арқылы құқықтық кеңес алуға (байланыс нөмірі +701 855 87 06) немесе Қостанай облысы прокуратурасының Фронт-офисіне (Алтынсарин к-сі, 118А) байланысуға болатынын хабарлаймыз.

Қостанай облысының прокуратурасы