Мүгедектігі бар адамдарға арналған “Мүмкіндік” әлеуметтік-құқықтық акциясы

Мүгедектігі бар адамдарға арналған “Мүмкіндік” әлеуметтік-құқықтық акциясы

Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған “Мүмкіндік” облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өткізілді.

Іс-шараға Қостанай облысының прокуратура органдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, жұмыс берушілер, оқу орталықтары мен волонтерлар қатысты.

Қостанай облысының прокуроры Марат Сексембаев бүгінгі акция облыстық сипатта екенін атап өтті. Ол облыстың барлық қалалары мен аудандарында сағат 15:00-ден бастап бір мезгілде өткізілді, бұл азаматтардың тұрғылықты жеріне қарамастан мемлекеттік қызметтерге тең қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Іс-шараға 150-ден астам мемлекеттік орган, 146 жұмыс беруші кәсіпорын, 12 оқу орталығы, 11 үкіметтік емес ұйым, сондай-ақ азаматтарды ұйымдастыруға және сүйемелдеуге жәрдемдесетін волонтерлар қатысты.

Акцияның жалпы қамтылуы облыс бойынша мүгедектігі бар 1500 адамнан асады.

Өткізілген акцияның мақсаты - азаматтар мен уәкілетті органдар арасындағы тікелей диалог үшін тиімді алаң құру.

Өздеріңіз білетіндей, мүгедектігі бар адамдар мемлекеттің үйлестірілген жұмысын талап ететін бірқатар мәселелерге тап болады: жұмысқа орналастыру, әлеуметтік қамсыздандыру, қолжетімді орта, медициналық көмек, білім беру, кәсіпкерлік және тұрғын үй жағдайлары.

Осыған байланысты өңірдің ірі кәсіпорындары мен жұмыс берушілерінің қатысуы ерекше маңызға ие болды, олар бүгінде нақты бос жұмыс орындары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ұсынды.

Акцияның маңызды элементі "Отбасы банк" АҚ-ның қатысуы болып табылады, олар мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасы мүшелері үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету, қолданыстағы тұрғын үй бағдарламалары және жеңілдікті несиелеу тетіктерінің мәселелері бойынша кеңес берді.

Сонымен қатар, акция жұмысына бизнесті ашу және жүргізу, мемлекеттік қолдау, гранттар мен субсидиялар алу мәселелері бойынша кеңес беретін Кәсіпкерлер палатасы қатысты. Бұл әсіресе мүгедектер арасында кәсіпкерлік бастаманы және өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту үшін өте маңызды.

Акция алаңдарда жеке қатыса алатын азаматтарға ғана емес, бүкіл облыс бойынша да бағытталғанын атап өту маңызды.

Барлық қалалар мен аудандарда прокуратура органдары мен жұмыспен қамту органдары қызметкерлерінің қатарынан мүгедектігі бар мүмкіндігі шектеулі жандарға атаулы түрде барған көшпелі топтардың жұмысы ұйымдастырылды.

Оларға сол жерде құқықтық көмек көрсетілді, әлеуметтік төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары мәселелері түсіндірілді.

Соңғы жылдары осы салада бірқатар жүйелі шаралар іске асырылуда: цифрлық мемлекеттік қызметтер кеңейтілуде, әлеуметтік төлемдер мен техникалық оңалту құралдарын алу рәсімдері жеңілдетілуде, еңбек құқықтарының сақталуын бақылау күшейтілуде, азаматтарды жеке сүйемелдеу жүйесі дамуда.

Прокуратура органдары бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, олардың алдын алуға, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге де ерекше назар аударады.

Қостанай облысының прокуратурасы