Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өтеді

Қостанай облысында мүгедектігі бар адамдарға арналған «Мүмкіндік» облыстық әлеуметтік-құқықтық акциясы өтеді

2026 жылғы 21 қаңтарда сағат 15:00-ден бастап Қостанай облысында «Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру шеңберінде өткізілетін «Мүмкіндік» мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған облыстық әлеуметтік-құқықтық акция өтеді.

Іс-шараға Қостанай облысының прокуратура органдары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, жұмыс берушілер, оқу орталықтары мен еріктілер қатысады. Қалалар мен аудандардың прокурорлары облыстың қадағалау аумақтарында акция өткізеді.

Акцияның негізгі мақсаты - мүгедектердің әлеуметтік және еңбек интеграциясына жәрдемдесу, жұмысқа орналасуға, кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғауды күшейту.

Шара аясында азаматтардың жұмыс берушілермен және мемлекеттік органдармен тікелей өзара іс-қимылы ұйымдастырылады.

Акция барысында еңбек және әлеуметтік құқықтарды қорғау мәселелері бойынша құқықтық кеңестер беріліп, еңбек заңнамасының нормалары, оның ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын сақтау, еңбек жағдайлары мен әлеуметтік кепілдіктер түсіндіріледі. Азаматтардың барлық жолданымдары жедел қаралатын болады.

Денсаулығына байланысты шараға жеке қатыса алмайтын азаматтарға ерекше назар аударылады. Олар үшін прокурор мен әлеуметтік қорғау органының қызметкері тұрғылықты жері бойынша сапарға шығады, бұл олардың құқықтарының толық жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді.

Акция келесі мекенжайлар бойынша өтеді:

Қостанай қаласы: «Жастар сарайы» ғимараты, Юбилейный шағын ауданы, 56

Арқалық қаласы: А. Боранбаев атындағы кинотеатр ғимараты, Абай д-лы, 19

Лисаковск қаласы: қала әкімдігі ғимараты, Мира көшесі, 31

Рудный қаласы: ҚМУ «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты, 50 лет Октября көшесі, 5А

Алтынсарин ауданы: Мәдениет үйі, Силантьевка ауылы, Ленин көшесі, 10

Амангелді ауданы: Б. Абенов атындағы Мәдениет үйі, М. Мәметова көшесі, 4

Әулиекөл ауданы: Мәдениет үйі, Баймағамбетов көшесі, 27

Денисов ауданы: Мәдениет үйі, Ленин көшесі, 12

Жангелді ауданы: ХҚКО ғимараты, Мырзабеков көшесі, 37

Жітіқара ауданы: Мәдениет сарайы, 6 шағын аудан, 66 үй

Қамысты ауданы: Мәдениет үйі, Космы көшесі, 19

Қарабалық ауданы: Мәдениет үйі, Космонавтов көшесі, 33

Қарасу ауданы: Мәдениет үйлері, Исаков көшесі, 64

Қостанай ауданы: «Алтын Дән» Мәдениет үйі, Тобыл қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 61а

Меңдіқара ауданы: аудан әкімдігі ғимараты, Боровское ауылы, Королева көшесі, 5

Наурызым ауданы: аудандық жұмыспен қамту бөлімі ғимараты, Қараменді ауылы, Шаяхметов көшесі, 2

Сарыкөл ауданы: аудан әкімдігі ғимараты, Сарыкөл кенті, Тәуелсіздік көшесі, 72

Б. Майлин ауданы: Мәдениет үйі, Әйет ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 53

Ұзынкөл ауданы: аудандық жұмыспен қамту бөлімі ғимараты, Абылайхан көшесі, 53

Федоров ауданы: аудандық орталық кітапхана ғимараты, Федоровка ауылы, Легкодухов көшесі, 47

Анықтама телефондар: 8 (7142) 54-93-76, 53-01-03

Қостанай облысының прокуратурасы