Қостанай облысының прокуратурасындағы кадрлық тағайындаулар

Қостанай облысының прокуратурасындағы кадрлық тағайындаулар

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы бұйрығымен Қостанай облысының Денисов ауданының прокуроры болып әділет кеңесшісі Телемисов Турар Ахмадиевич тағайындалды.

Телемисов Т.А., 1981 жылы туған, Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысы Алтынсарин ауданы прокурорының көмекшісі міндетін атқарушы қызметінен бастаған.

Қостанай облысы Алтынсарин ауданы прокурорының аға көмекшісі (2010–2012 жж.), Қостанай облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры (2012–2013 жж.), Қостанай облысы прокуратурасының мемлекет мүддесін соттарда өкілдік ету басқармасының прокуроры (2013–2016 жж.), Қостанай облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының аға прокуроры (2017–2018 жж.), Қостанай облысы прокурорының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасындағы аға көмекшісі (2018–2019 жж.), Қостанай облысы Амангелді ауданының прокуроры (2019–2022 жж.) қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін 2022 жылдан бастап Қостанай облысы Федоров ауданының прокуроры қызметін атқарды.

Еңбек өтілі – 17 жыл.

Қостанай облысының прокуратурасы