
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы бұйрығымен Қостанай облысының Федоров ауданының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Майоров Ерлан Рашидович тағайындалды.
Майоров Е.Е., 1985 жылы туған, Қостанай облысы Арқалық қаласының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2010 жылы Қостанай облысы Жітіқара ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.
Қостанай облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасында тергеп-тексеру және тергеу топтарына басшылық жасау жөніндегі облыс прокурорының аға көмекшісі (2013–2017 жж.), Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ішкі тергеп-тексеру департаменті Арнайы прокурорлар тобының тергеп-тексеру және тергеу топтарына басшылық жасау жөніндегі Бас Прокурор көмекшісі (2017-2018 жж.), Қостанай облысы Қарабалық ауданының прокуроры (2018-2022 жж.) қызметтерін атқарған.
Осы тағайындауға дейін 2022 жылдан бастап Қостанай облысы Меңдіқара ауданы прокуратурасының прокуроры қызметін атқарды.
Еңбек өтілі - 15 жыл.
Қостанай облысының прокуратурасы