Қостанай облысының прокуратурасындағы кадрлық тағайындаулар

Қостанай облысының прокуратурасындағы кадрлық тағайындаулар

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы бұйрығымен Қостанай облысының Меңдіқара ауданының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Сарсенов Ерлан Нурканович тағайындалды

Сарсенов Е.Н., 1981 жылы туған, Қостанай облысы Денисов ауданының тумасы, прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласы прокуратурасының құжаттамалық қамтамасыз ету, өтініштерді қарау және азаматтарды қабылдау бөлімінің жетекші маманы қызметінен бастаған.

Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы прокуратурасының тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (2009 ж.), Ақмола облысы Көкшетау қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау бөлімінің бастығы (2011–2012 жж.), Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы прокурорының орынбасары (2016–2017 жж.), Қостанай облысы прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы (2017–2019 жж.), Қостанай қаласының прокуроры (2019–2022 жж.) қызметтерін атқарған.

Осы тағайындауға дейін 2022 жылдан бастап Қостанай облысы Қостанай ауданы прокуратурасының прокуроры қызметін атқарды.

Еңбек өтілі – 17 жыл.

Қостанай облысының прокуратурасы