Қостанай облысындағы Лесное және Березовка ауылдарының тұрғындары қайтарылған мүліктер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілген

Қостанай облысындағы Лесное және Березовка ауылдарының тұрғындары қайтарылған мүліктер есебінен ауыз сумен қамтамасыз етілген

Қостанай облысы Федоров ауданы Лесное және Березовка ауылдарында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен жүзеге асырылған сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысы аяқталды.

Жаңа су желілерін іске қосудың арқасында екі елді мекеннің тұрғындары сапалы ауыз суға тұрақты қол жеткізді.

Бұл ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын айтарлықтай жақсартып, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадам болмақ.

Су құбырының жалпы ұзындығы 38 шақырымды құрайды, бұл 284 үйді таза сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Бүгінгі таңда Қостанай облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және білім беру салаларында қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын 25 әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

                                                  Қостанай облысының прокуратурасы