Жер қойнауын пайдалануға берілген учаскелер мемлекетке қайтарылды

Жер қойнауын пайдалануға берілген учаскелер мемлекетке қайтарылды

Қостанай облысының прокуратурасы жер учаскелерін қайтару шараларының қабылданбаған фактілерін анықтады.

Тексеру нәтижесінде кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген 16 учаске бойынша лицензиялардың қолданылу мерзімі аяқталғаны, сондай-ақ бірқатар жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың мерзімінен бұрын тоқтатылғаны анықталды.

Соған қарамастан, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21 және 107-баптарының талаптары бұзылып, құқықтық негіздің болмауына қарамастан, бұл учаскелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге есептелуін жалғастырған.

Облыс прокуратурасының қадағалау актісі нәтижесінде құны 625 млн теңгеден асатын 16 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

                                        Қостанай облысының прокуратурасы