Қарасу ауданы прокуратурасының сенім телефонына кәсіпорында 56 миллион теңге көлемінде еңбекақы берешегінің бар екені туралы хабарлама түсті.
Қадағалау органы араласқаннан кейін аталған берешек толық көлемде өтеліп, 160 қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды және әлеуметтік салдарлардың туындауына жол бермеді.
Азаматтардың өтініштеріне жедел ықпал ету және олардың конституциялық құқықтарын қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары болып табылады.
Аудан прокуратурасы еңбек заңнамасы бұзылған жағдайда жұмысшылар мұндай мәселелерді шешу үшін сенім телефонына жүгіне алатынын еске салады.
Қостанай облысының прокуратурасы