Рудный қаласының прокуратурасы әкімдікпен және кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп бизнес-қоғамдастықпен кездесу өткізді.
Ағымдағы жылдың басынан бастап қала прокуратурасымен 900 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, 18 инвестициялық жоба ілесіп жүрді, 2 инвестордың проблемалық мәселелері шешілді.
«Мысалы, жергілікті атқарушы орган инвестор «QRG Standart» ЖШС-не 2023 жылдан бастап мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша орындалған жұмыстар үшін ақшалай қаражат төлемеген.
Прокуратура араласқаннан кейін бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттың қозғалысы жүргізілді және кәсіпкерге 20 млн теңгеден астам қаражат төленді, осылайша оның құқықтары қорғалды», - деді Рудный қаласының прокуроры Асқар Бурбаев.
Естеріңізге сала кетейік, инвесторлардың құқықтарын қорғау мақсатында «прокурорлық сүзгі» жұмыс істейді, оған сәйкес мемлекеттік орган прокурордың келісімінсіз инвесторларды тексеруге, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға, талап қоюға және өзге де шектеу-тыйым салу шараларын қолдануға құқылы емес.
«Прокурорлық сүзгі» шеңберінде келісуге 9 материал келіп түсті, оның біреуі инвесторға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы негізсіз іс қозғаудан бас тартты.
Кездесу соңында қала прокуроры прокуратура органдары мен бизнес өкілдері арасындағы ашық және сындарлы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Қостанай облысының прокуратурасы