Қарасу аудандық прокуратурасы бюджетке қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етті

Қарасу аудандық прокуратурасы бюджетке қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз етті

Қарасу ауданының прокуратурасы мемлекет мүддесін қорғауды және мемлекеттік сатып алу аясында төленген қаражатты қайтаруды қамтамасыз етті.

2023 жылдың қазан айында уәкілетті орган мердігер ұйыммен Степное ауылындағы гидротехникалық құрылысты қайта жаңғыртуға 156 миллион теңге сомасына шарт жасасты.

Мердігерге 45 млн теңге аванс төленді.

Алайда міндеттемелер орындалмады.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сотқа өтелмеген авансты өндіріп алу туралы талап қойылып, ол толық көлемде қанағаттандырылды.

Бүгінгі таңда мемлекет кірісіне 15 миллион теңге қайтарылды.

Қалған сома сот шешімімен 2025 жылдың қазан айынан бастап 16 ай ішінде кезең-кезеңімен қайтарылуға жатады.

Жауапты лауазымды тұлғалар заңда белгіленген жауаптылыққа тартылды.

Қарасу аудандық прокуратурасы бюджет қаражатын қорғауды қамтамасыз ету және мемлекеттік ресурстардың тиімсіз пайдаланылуына жол бермеу жұмыстарын жалғастыруда.

 

Қостанай облысының прокуратурасы