Әулиекөл ауданындағы прокурорлар Салық заңнамасынның бұзушылықтарын анықтады

Әулиекөл ауданындағы прокурорлар Салық заңнамасынның бұзушылықтарын анықтады

Әулиекөл ауданының прокуратурасымен талдау барысында жекелеген орман шаруашылықтарының орманды пайдаланғаны үшін бюджетке ақы аудару мерзімдерін бұзғаны анықталды.

Төлеу мерзімдері бұзылған жағдайда салық органдары 5 жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушілерге берешекті өтеу туралы хабарлама жібереді.

Сонымен қатар, прокурорлар ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының орман пайдалану ақысын өндіріп алу шараларын қолданбағанын анықтады.

Нәтижесінде аудан прокуратурасының қадағалау актісі бойынша 31,8 млн теңге өндірілді, салық органының басшысы қызметке  толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы