Арнайы салық режимін бұзуды Б.Майлин аудан прокурорлары анықтады

Арнайы салық режимін бұзуды Б.Майлин аудан прокурорлары анықтады

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы талдау барысында 2 шаруа қожалығы тарапынан салықтық бұзушылықтар фактілерін анықтады.

Шаруа қожалықтары арнайы салық режимін негізсіз қолданғаны анықталды және жеке табыс салығының 10% орнына олар бірыңғай жер салығының 0,5% ғана төледі.

Салық төлеушілер шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнайы салық режимін қолдану үшін жер учаскелерінің рұқсат етілген жиынтық ауданынан (шекті мөлшері - 3500 га) асып  түсті.

Мысалы, шаруа қожалығының жалпы ауданы 3663 га жер учаскелері бар, бірақ оған 0.5% салық ставкасы қолданылды. 2023-2024 жылдары салық ставкасын төмендету нәтижесінде 814 мың теңге сомасына салық төленді.

Қадағалау актісі бойынша аудан прокуратурасы салық режимін бұзушылықтарды жойып, шаруа қожалықтары 8,5 млн теңге сомасына салық төледі.

 

Қостанай облысының прокуратурасы