Полиция қызметкеріне қатысты зорлық-зомбылық туралы іс бойынша

Полиция қызметкеріне қатысты  зорлық-зомбылық туралы іс бойынша

2025 ж. облыс прокуратурасы Ұзынкөл ауданының тұрғындарының жергілікті учаскелік полиция инспекторына қатысты зорлық-зомбылық қолданғаны туралы қылмыстық іс бойынша айыптау актісін бекітті.

Тергеу барысында а.ж. 18 маусымда Пресногорьковка а. ойын-сауық мекемесінің жанында, мас күйінде болған кезде, полиция қызметкерінің негізделген ескертуіне зорлық-зомбылық көрсетіп, денсаулығына жеңіл зиян келтірген, сонымен қатар оны көпшілік алдында қорлаған 27 және 29 жастағы тұрғындар анықталды .

Олардың әрекеттері қылмыстық кодекстің 378-б. 2-б., 380-б. 4-б. 3) т. бойынша сараланды (билік өкілін қорлау , билік өкіліне қатысты күш қолдану).

Бабтың санкциясы жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жазаны көздейді.

Қылмыстық іс Қостанай облысы Ұзынкөл аудандық сотына жолданды.

Облыс прокуратурасы агрессия көрсету, зорлық-зомбылық көрсету және билік өкілдерін қорлауға жол берілмейтінін және қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын еске салады. Азаматтар қоғамдық тәртіп нормаларын сақтауы қажет және қызметтік міндеттерін орындайтын құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне құрметпен қарау.

 

Қостанай облысының прокуратурасы