"Мектепке жол" акцияся

"Мектепке жол" акцияся

 

        

Қостанай облысының прокуратурасы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясын өткізді.

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына қолдау көрсету болып табылады.

Бүкіл республика бойынша пандемияны ескере отырып, 2020 оқу жылы онлайн режимде басталады, ол бойынша оқушыларға компьютер арқылы оқыту қажет.

Облыс прокуратурасының қызметкерлері санитарлық нормаларды сақтай отырып, балаларды жаңа ноутбуктермен қуантты және оларға табысты оқуды тіледі.

 

 

Қостанай облысының прокуратурасы  

Баспасөз қызметі