Жітіқара ауданында жабайы жануарлармен байланысты оқиғалардың алдын алу шаралары қабылданды

Жітіқара ауданында жабайы жануарлармен байланысты оқиғалардың алдын алу шаралары қабылданды

2025 жылғы 22 қазан күні «Эталон» ЖШС кәсіпорнының өндірістік аумағында жұмыс барысында қауіпсіздік қызметінің қызметкері жабайы жануарды байқады. Қызметкер жеке қызығушылық танытып, ұялы телефонына бейнежазба түсіріп, жеке қауіпсіздік талаптарын елемей, жануармен байланыс орнатуға әрекет жасады. Байланыс әрекеті барысында жабайы жануар агрессия көрсетті.

Оқиға нәтижесінде зардап шеккен қызметкер профилактикалық тексеру үшін Жітіқара аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жүгінді. Медицина мамандары тексеру жүргізіп, барлық қажетті медициналық көмек көрсетті, оның ішінде вакцинация жасалды. Ауруханаға жатқызу қажет болмады, зардап шеккен қызметкердің жағдайы тұрақты.

Жеке құрылғыға түсірілген бейнежазба оқиғадан кейін рұқсатсыз үшінші тұлғаға берілді. 2025 жылғы 5 қарашада бұл бейнежазба мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде кең тарала бастады.

Осыған байланысты 2025 жылғы 6 қарашада Жітіқара ауданының жергілікті атқарушы органымен жергілікті БАҚ алаңдары арқылы мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми ақпараттық хабарлама жүргізілді.

Қазіргі таңда аудан аумағында жұмыс тобы құрылып, қызметін жүзеге асыруда. Жұмыс тобы құрамына жергілікті атқарушы орган, прокуратура, полиция бөлімі, ветеринарлық станция, ветеринарлық инспекция және аңшылық қоғамының өкілдері кірді.

Тұрақты түрде 109 call-орталығы жұмыс істейді, ол азаматтардан, соның ішінде елді мекендерде жабайы жануарларды кездестіру жағдайлары бойынша, өтініштер қабылдайды.

2025 жылғы 8 қараша жағдай бойынша елді мекен аумағында жабайы жануарлардың пайда болғаны туралы 4 өтініш түсті. Барлық өтініштер жұмысқа алынып, уәкілетті органдардың бақылауына алынған.

Құрметті азаматтар, жабайы жануарларды байқаған жағдайда жеке қауіпсіздік шараларын сақтаңыздар және олармен байланыс орнатуға тырыспаңыздар. Осындай жағдайларды анықтаған кезде дереу 109 нөміріне хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Жітіқара ауданының прокуратурасы