Салықтық бұзушылықтар туралы

Салықтық бұзушылықтар туралы

Рудный қаласының прокуратурасы талдау барысында акциздер бойынша салық төлеуден жалтару фактісін анықтады.

Кәсіпорын декларацияларда дұрыс емес мәліметтерді көрсету және бюджетке 267,9 млн теңге мөлшерінде соманы төлеуден жалтару бөлігінде салық заңнамасын бұзғаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпорын көрсетілген соманы толығымен төледі, фискалдық органның лауазымды адамы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай облысының прокуратурасы салық нормаларын сақтау экономиканың тұрақтылығы мен әлеуметтік әділеттілікке ықпал ететінін еске салады.

 

Қостанай облысының прокуратурасы