
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 28 қазандағы бұйрығымен Ұзынкөл ауданының прокуроры қызметіне әділет кеңесшісі Мұқанов Ернар Асылбекұлы тағайындалды.
Е.А. Мұқанов, 1985 жылы туылған Қостанай облысы, Жітіқара ауданы, Чайковское ауылында дүниеге келген, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай облыстық университетін бітірген.
Прокуратура органдарындағы еңбек жолын 2010 жылдың наурыз айында Қарасу ауданы прокурорының көмекшісі, 2012 жылдың тамыз айынан бастап Қарасу ауданы прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істей бастады.
2012 жылғы қарашадан 2019 жылғы шілдеге дейін Қостанай қалалық прокуратурасының бөлім аға прокуроры және қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы болды.
2019 жылғы шілдеден 2021 жылғы наурызға дейін Рудный қаласы прокурорының орынбасары.
2021 жылғы наурыздан 2021 жылғы шілдеге дейін Қостанай қаласы прокурорының орынбасары.
2021 жылғы шілдеден 2022 жылғы желтоқсанға дейін Қостанай облысы прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының Қостанай облысы прокурорының көмекшісі.
2022 жылдың желтоқсанынан бастап осы тағайындауға дейін Амангелді ауданының прокуроры лауазымында жұмыс істеді.
Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 15 жыл.
Қостанай облысының прокуратурасы