Амангелді ауданының прокурорын тағайындау туралы

Амангелді  ауданының прокурорын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 28 қазандағы бұйрығымен Амангелді ауданының прокуроры қызметіне әділет кеңесшісі Қойбағаров Ерлан Өмірбекұлы тағайындалды.

Е.Ө.Қойбағаров, Амангелді ауданы Амангелді ауылында 1980 жылы туған, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы еңбек жолын Арқалық қаласы прокурорының көмекшісінің міндетін атқарушы қызметінен 2005 жылғы ақпанда бастады.

Прокуратура органдарында қатарынан лауазымдарды атқарды:

2006 - 2008 жылдары Арқалық және Рудный қалалары прокурорының көмекшісі және аға көмекшісі, Меңдіқара, Әулиекөл, Бейімбет Майлин және Қостанай аудандары прокурорларының аға көмекшісі қызметтерін атқарды.

2009 -2011 жылдары Қостанай облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің және қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау жөніндегі облыс прокуратурасы басқармасының аға прокуроры қызметін атқарды .

2011-2012 жылдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеді.

2012 -2015 жылдары Қостанай қалалық прокуратурасының Қылмыстық процесінің және жедел-іздестіру қызметінің сотқа дейінгі сатысында заңдылықты қадағалау бөлімінің аға көмекшісі қызметін атқарды.

2015 -2018 жылдары Қостанай облысы прокуратурасының қарсы барлау және жасырын тергеу әрекеттері жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының Қостанай облысы прокурорының көмекшісі болып жұмыс істеді. 

2018 - 2023 жылдары Қостанай облысы Беймбет Майлин ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

2023-2024 жылдары Қостанай облысы Әулиекөл ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

2024 жылдың қараша айынан бастап осы тағайындауға дейін Лисаков қаласы прокуратурасының аға прокуроры лауазымында жұмыс істеді.

Құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 20 жыл.

 

Қостанай облысының прокуратурасы