
Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы тұрғын үйлерге жақын жерде жұмыс істеген зауыт тарапынан экологиялық заңнаманы бұзудың жолын кесті.
Кәсіпорыннан жақын үйлерге дейінгі қашықтық небәрі 350 метрді құрады, дегенмен санитарлық нормалар бойынша ол кемінде 1000 метр болуы керек.
Ұшқышсыз ұшу аппаратының (дрон) көмегімен визуалды тексеру кезінде зауыттың белсенді жұмысы және қарқынды шаңдану тіркелді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кәсіпорынға 3 145 600 теңге көлемінде айыппұл салынды, ол толық көлемде төленді.
Халықтың денсаулығына төнетін қауіпті толығымен жою үшін кәсіпорын зауытты бөлшектеуге немесе қауіпсіз қашықтыққа көшіруге міндеттенді.
Бұл рәсім аудан прокуратурасының бақылауында.
Қостанай облысының прокуратурасы