Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп алимент пен берешекті мемлекет кірісіне өндіріп алуға бағытталған рейд жүргізді.
Рейд барысында міндеттемелерді орындаудан жалтарған 7 борышкер қатысты. Оларға ескертулер беріліп, одан әрі жалтарудың құқықтық салдары түсіндірілді. Берешектің жалпы сомасы 797 мың теңгеден асты.
Аудан прокуратурасының көмегімен ағымдағы жылы алимент төлемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке 21 адам, қылмыстық жауапкершілікке 3 борышкер тартылды.
Сондай-ақ, прокуратураның көмегімен 8 борышкер жұмысқа орналастырылды.
Прокуратураның алимент саласындағы қадағалау актілерін қарау нәтижелері бойынша 12 млн теңгеден астам, мемлекет кірісіне – 9 млн теңгеден астам өндірілді.
Прокуратура еске салады: сот шешімдерін орындаудан жалтару және алимент төлемеу заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады, «Заң мен Тәртіп» қағидатын бұзбаңыз.
Қостанай облысының прокуратурасы