Қостанай облысы прокуратурасының интернет-қылмыстарды қоса алғанда, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралары

Қостанай облысы прокуратурасының интернет-қылмыстарды қоса алғанда, алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралары

Қостанай облысының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидатына сәйкес, әсіресе цифрлық технологияларды пайдалана отырып жасалатын алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда .

2025 жылдың 9 айында аймақта 1 517 алаяқтық фактісі тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,6%-ға көп. Интернет-алаяқтық желісі бойынша 30,5%-ға (983-тен 1 283 жағдайға дейін) айтарлықтай өсім байқалады . Мұндай жағдай бүкіл елге тән.

Алаңдатарлық динамиканы ескере отырып, «Алаяқтардан қорғану» жобасы іске асырылуда, оның шеңберінде профилактикалық және түсіндіру іс-шаралары жүргізіледі. Облыста 46 билборд орнатылды, 27 LED-экран орналастырылды, құқық қорғау органдары Халықпен 1300-ден астам кездесу өткізді, 900-ден астам жарияланымдар мен 35 ролик дайындалды.

Облыс прокуратурасы банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және байланыс операторларымен жұмыс жүргізеді. Бірлескен іс-қимылдар нәтижесінде 300 млн теңгеге жуық сомаға кредиттер бойынша өндіріп алу тоқтатылды. Сонымен қатар, сот зардап шеккен азаматтардың 100 млн теңгеден астам сомаға талаптарын қанағаттандырды.

Құқық қорғау органдарының техникалық мүмкіндіктерін нығайтуға көңіл бөлінеді. «Киберпол» бөлімшесі 88,5 млн теңгеге құрал-жабдықтармен жабдықталған.

 Мектеп, студенттік және жұмысшы жастармен өзара іс-қимылға бағытталған «Жастар-әділ қоғамның іргетасы» бастамасы іске қосылды.

Осы жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қылмыстық кодекске банктік деректемелерді заңсыз пайдаланғаны және бергені үшін жауапкершілікті белгілейтін жаңа бап - 232-1 енгізілді. Өзгерістерге сәйкес, «дропперлер» деп аталатын қылмыстық кірістерді қолма-қол ақшаға айналдыруға қатысатын адамдар қылмысқа қатысушыларға теңестіріледі .

IT және қаржылық қауіпсіздік саласындағы қылмыстар санының өсуін ескере отырып, облыс прокуратурасының жұмысы тәуекелдерді азайтуға және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Мемлекеттік органдардың күш-жігерін азаматтардың өздерінің ұқыптылығы мен жауапкершілігімен толықтыру маңызды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы