«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру мақсатында Рудный қаласының прокуратурасымен полиция басқармасында азаптаудың алдын алу бойынша семинар өткізілді.
Семинарға қалалық полиция қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинарға қатысушылар қылмыстық кодексте мәліметтерді немесе мойындауларды алу, жасаған әрекеті үшін жазалау, қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатында қасақана физикалық немесе психикалық азап шегу деп танылатын азаптауға қарсы іс-қимылға қатысты мәселелерді талқылады.
Прокурор қызметтік этика талаптарын сақтаудың және құқыққа қайшы әрекеттердің әрбір фактісін тіркеудің маңыздылығын атап өтті. Азаматтарды полицияға заңсыз жеткізуге жол берілмейді.
Қостанай облысының прокуратурасы