Денисов ауданында «Жол жүру қауіпсіздігі» тақырыбында профилактикалық рейд өтті. Шараның мақсаты - жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу және жүргізушілердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Іс-шараны Денисов ауданының прокуратурасы Полиция бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.
Рейд барысында Денисов аудандық прокуратурасының аға прокуроры Мирас Мизанбаев ЖЖЕ-нің ең қөп таралған бұзушылықтар, алдын алу шаралары туралы айтып берді.
Шара барысында жүргізушілермен түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді. Инспекторлар мен прокуратура қызметкерлері жылдамдық режимін, жолда демалу ережелерін, сондай-ақ автомобиль жолдарындағы қауіпсіздіктің жалпы талаптарын сақтау қажеттігін еске салды.
Рейд аясында 200-ден астам жүргізуші қамтылды.
Жолда «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП» қағидасын сақтау - бұл әрбір жүргізуші мен жаяу жүргіншінің барлығы үшін қауіпсіз орта құруға қосқан үлесі. Жол қозғалысы ережелерін сақтауға деген жауапкершілік үшін алғыс айтамыз!
Қостанай облысының прокуратурасы