Қарасу ауданындағы ауызсу саласындағы әлеуметтік жобалар: қайтарылған активтер есебінен қаржыландыру

Қарасу ауданындағы ауызсу саласындағы әлеуметтік жобалар: қайтарылған активтер есебінен қаржыландыру

Қостанай облысының Қарасу ауданында сумен жабдықтау саласында екі маңызды әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда.

Олардың қаржыландыруы прокуратура органдары қайтарған заңсыз иеленген активтер есебінен қамтамасыз етілді.

Қарасу, Восток және Павловское ауылдарында су құбырының тарату желілерін қайта құру жобасы аясында су мұнарасын, сорғы станцияларын және таза су қоймаларын салу көзделген.

Нәтижесінде шамамен 3500 ауыл тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізіп, азаматтардың өмір сүру сапасы артады. Барлық құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Жобалардың іске асырылу барысы мен қаражаттың мақсатты пайдаланылуы Қостанай облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында.

 

Қостанай облысының прокуратурасы