Қостанай облысында прокуратура органдары қайтарылған активтер есебінен 22 әлеуметтік жоба іске асырылуда.
Оның 19-ы халықты орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолайлы қолжетімділікпен қамтамасыз етуге бағытталған.
Әулиекөл ауданында Көктал, Новоселовка, Первомайское және Юльевка ауылдарының 2 мыңға жуық тұрғынын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылы аяқтау жоспарлануда.
Мердігерлік ұйымдар белгіленген мерзімдерді қатаң сақтауға және құрылыстың сапасын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жобаның іске асырылу барысы және қаражаттың мақсатты пайдаланылуы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.
Қостанай облысының прокуратурасы