Қамысты ауданында Конституцияның 30 жылдығына орай «Заң мен Тәртіп» акциясы өтті

Қамысты ауданында Конституцияның 30 жылдығына орай «Заң мен Тәртіп» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу аясында Қостанай облысының Қамысты ауданында «Заң мен Тәртіп» акциясы өтті.

Аудан прокуроры Аслан Бултаев Алтынсарин және Бестөбе ауылдарында азаматтарды көшпелі қабылдауды өткізді. Тұрғындар жеке сұрақтар қоюға, проблемалармен бөлісуге және заңнама мәселелері бойынша білікті түсініктемелер алуға мүмкіндік алды.

Сапар барысында халықпен профилактикалық әңгіме ұйымдастырылды. Кездесу барысында қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға және алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы азаматтардың хабардарлығын арттыруға баса назар аударылды.

Акция құқықтық тәртіпті нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және жергілікті жерлерде халықтың өзекті мәселелеріне жедел ден қоюға бағытталған.

 

Қостанай облысының прокуратурасы