«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі»

«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі»

Дөңгелек үстел аясында құқықтық жүйемен және оның этносаралық келісімді, елдің тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз етудегі рөлімен байланысты мәселелер талқыланды.

Іс-шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномедиация орталығы ұйымдастырды.

Іс-шара Конституциялық сот пен сот жүйесінің, прокуратураның, сотқа дейінгі тергеу органдарының, қоғамдық және құқық қорғау ұйымдарының, адвокаттар қауымдастығының, ғалымдар мен қоғамдық пікір көшбасшыларының өкілдерін біріктірді.

Дөңгелек үстелде спикерлердің бірі Қостанай облысы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау Басқармасының бастығы Дарын Жапабаев болды. Өз сөзінде ол прокуратураның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті, «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру туралы айтты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қазіргі қоғамдағы заң және тәртіп идеологиясының жоғары рөлін атап өтті, құқықтық жүйені дамыту перспективаларын, сондай-ақ құқық қорғау органдары мен Этномедиация орталығының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру жолдарын талқылады.

Іс-шара этносаралық келісімнің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасудың маңызды алаңына айналды

 

Қостанай облысының прокуратурасы