Лауазымды тұлғаларды ұстау туралы

Лауазымды тұлғаларды ұстау туралы

2025 жылғы 25 тамызда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің бірлескен тергеу-жедел тобы мен Қостанай облысы прокуратурасы жүргізілген жедел іс-шаралардың және прокурорлық тексерудің нәтижелері бойынша денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, аудандық аурухананың бас дәрігерінің және коммерциялық кәсіпорын директорының медициналық құрал-жабдықтарды сатып алу кезінде қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды.

2025 жылғы 26 тамызда мамандандырылған тергеу соты аталған адамдарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-тармағы 361-бабы 4-бөлігі бойынша басталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді.  

 

Қостанай облысының прокуратурасы