Инвесторларды қорғау – қадағалау қызметіндегі басты бағыт

Инвесторларды қорғау – қадағалау қызметіндегі басты бағыт

 

Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы аудан әкімінің, мемлекеттік органдар басшыларының, инвесторлардың, кәсіпкерлердің, кәсіпкерлер палатасының, «Атамекен» ҰКП филиалының және облыстың қаржы институттарының қатысуымен облыстағы инвесторларды қолдау мәселелері бойынша жұмыс кеңесін ұйымдастырды.

Іс-шара аймақтағы бизнесті дамытуға бағытталған идеялар мен стратегиялармен алмасу, сондай-ақ инвестиция тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды талқылау алаңына айналды.

Аудан прокуроры мемлекеттік органдарды инвесторларға қатысты тексеру, қызметті тоқтата тұру, лицензияларды қайтарып алу немесе келісім-шарттарды бұзу, талап-арыз беру және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау сияқты әрекеттерді прокуратурамен келісуге міндеттейтін «прокурорлық фильтр» енгізу туралы заңдардың нормаларын түсіндірді.

Инвесторларға олардың құқықтарының бұзылуының барлық фактілері бойынша, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру кезіндегі қызметке кедергі келтіру фактілері бойынша дереу прокуратураға хабарласу қажеттігі туралы хабарланды.

Іс-шараның ерекшелігі «Атамекен» ҰКП Қостанай облысы бойынша директоры Р.Б.Давлетпаевтың, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ,  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық филиалдарының директорларының және  «Тобыл ӘКК» өкілінің кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндауы, кәсіпкерлік субъектілерін, соның ішінде инвесторларды қаржыландырудың бағдарламалары мен шарттарын ұсынуы, жекелеген қаржыландыру құралдарының негізгі ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады.

Іс-шараға қатысушыларға өңірдегі инвестициялық жобаларды құқықтық қамтамасыз ету және қаржыландыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл мен үйлестіруді күшейту ұсынылды.

Кездесу нәтижесінде инвесторлар көтерген барлық мәселелер бақылауға алынып, олардың әрқайсысы бойынша нақты шаралар қабылданатын болады.

Жұмыс жалғасуда және ерекше бақылауда.

Бейімбет Майлин ауданының прокуратурасы