Бас прокуратура заңсыз жолмен иеленілген активтерді мемлекетке қайтару жұмысын жалғастыруда.
Осы қаражат есебінен Қостанай облысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау және білім беру салаларында әлеуметтік жобалар іске асырылуда.
Атап айтқанда, Қостанай облысының Фёдоров ауданына тиесілі Лесное және Берёзовка ауылдарында прокуратура органдары қайтарған активтер есебінен 24 шақырымдық су құбырының құрылысы жүргізілуде. Бұл ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамтуға мүмкіндік береді.
Құрылыс жұмыстарын «Қостанайсельхозводопроводстрой» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаны аяқтау мерзімі 2025 жылғы қазан айына жоспарланған.
Қостанай облысының прокуратурасы