Қостанай облысының прокуратурасындағы тимбилдинг

Қостанай облысының прокуратурасындағы тимбилдинг

Қостанай облысының прокуратурасында қызметкерлер мен олардың отбасылары үшін тимбилдинг өтті. Іс-шара командалық рухты нығайтуға, ұжымды біріктіруге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Іс-шараға аумақтық прокуратуралар мен Ардагерлер кеңесінің ұжымдары қатысты. Сондай- ақ, "Папа, Мама и я — спортивная семья"атты спорттық байқаулар өткізілді.

Қызметкерлер бірлікті, ептілікті және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті. Барлық қатысушылар көптеген жарқын эмоцияларға ие болды.

Белсенді қатысушылар мен отбасылық командаларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Барлық балаларға тәттілер мен сыйлықтар берілді.

Қостанай облысының прокуратурасы өз қызметкерлерінің кәсіби дамуына ғана емес, ұжымда қолайлы атмосфера құруға, отбасылық құндылықтарды қолдауға және салауатты өмір салтын насихаттауға ұмтылады.

 

Қостанай облысының прокуратурасы