Прокуратура ардагерлерінің күні

Прокуратура ардагерлерінің күні

2025 жылғы 13 шілдеде Қазақстан Республикасы прокуратурасының Ардагерлері күні атап өтіледі.

Қостанай облысының прокуроры Берик Абилов салтанатты түрде ардагерлерді мерекемен құттықтап, прокуратура органдарындағы жұмысы, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі, сондай-ақ жинақталған жұмыс тәжірибесін жас қызметкерлерге бергені үшін алғыс айтты.

Облыс прокуратурасының мұражайында ардагерлер  Ұлы Отан соғысына қатысқан прокурорларға арналған стендпен танысты.

Кездесу соңында қонақтар үшін Қостанай қаласы прокуратурасы қызметкерлерінің ғимараты мен жұмыс орындары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

 

Қостанай облысының прокуратурасы